ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Успен ауданының шаруа қожалығына ілтипат білдірді
Кәсіпорын әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесі үшін марапатталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Галицкое» шаруа қожалығы 1998 жылдың қыркүйегінен бері тұқым шаруашылығын қоса алғанда, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру, майлы дақылдар мен олардың тұқымдарын өсіру, ІҚМ сүт тұқымдарын өсіру, ет алу үшін ІҚМ басқа тұқымдарын өсіру, жылқы өсіру және құрама жем өндірумен айналысады.
Галицкое ауылында 1630 басқа арналған тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді. Тәулігіне орташа өндіріс 22,5 тоннаны құрайды.
Кәсіпорын жетістіктерінің , облыс пен ауданның дамуына қосқан үлесінің арқасында Қызылорда облысында Павлодар облысынан «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауылды дамытудың негізі» тақырыбындағы республикалық семинарға қатысты. Ол жерде «Галицкое» ЖШС кәсіпорны ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің атынан әлеуметтік – экономикалық дамуға және агроөнеркәсіптік кешенге қосқан үлесі үшін дипломымен марапатталды.
– Ауылдың дамуы ауыл тұрғындарының негізгі жұмыс берушілері ретінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өсуімен, сондай-ақ ауылдағы жайлы өмір сүру жағдайларымен тікелей байланысты. Болашақта экономика үш ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, атап айтқанда екі суармалы учаске салу және картоп-көкөніс қоймасын салу жоспарда, – деді директордың мал шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Максим Мисюль.
Айта кетерлігі, Галицкое кәсіпорнында алты айдан астам жұмыс істеген адамға үй немесе пәтер беріледі. Сонымен қатар, шаруа қожалығы есебінен ауылдың барлық үйлеріне су құбырларын тартып, орталық жылытуға қосқан.
Демеушілік қаражат есебінен шаруашылық «Жастар» спорт кешенін салды. Оған қоса, ауданның төрт мектебінің оқушылары шаруашылық қаражаты есебінен тегін тамақтанады.