Павлодар облысы жиһаздар бағасы арзан өңірлердің қатарында

Павлодар облысы жиһаздар бағасы арзан өңірлердің қатарында
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өткен жылы өңірде баға 3,4%-ға өскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, былтырғы жылдың қаңтар-желтоқсанында елде 82,6 млрд теңгеге жиһаз өндірілді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 27,7% көп. Өнеркәсіп өндірісінің индексі (ӨӨИ) 143,5%.

Бағаға келетін болсақ, 2023 жылғы желтоқсанда жиһаз және тұрмыстық заттар өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 11,8%-ға қымбаттады. Оның ішінде көйлектер мен төсеніштерге арналған гардеробтарды қосқанда баға —14,6%, ванна бөлмесіне арналған аспалы айналар — 13,7%, үстелдер — 12,1%, орындықтар — 10,6%, диван төсектері — 10,5%, жатын бөлмелеріне арналған жиһаз жиынтықтары 7,7% қымбаттады.

– Өңірлер бойынша жиһаздар мен тұрмыстық заттар бағасының ең күшті өсімі Ақмола (бір жылда 27,7%), Алматы (23,2%) және Қарағанды (22,3%) облыстарында байқалды. Бағаның ең аз жылдық өсімі Жамбыл (2,1%), Павлодар (3,1%) және Ақтөбе (3,4%) облыстарында тіркелді, – деп жазылған хабарламада. 

Өңірлер бойынша ең көп жиһаз дәстүрлі түрде Алматыда шығарылды: 22,8 млрд теңге, бір жылда 29,5% көбейген. Екінші және үшінші орында Алматы (8,5 млрд теңге, 59,8% көбейген) және Түркістан (6,9 млрд теңге, 48,7% көбейген) облыстары.

Кеңселер мен сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз өндірісі 31,5 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғыдан 32,3% артты, 8,2 млрд теңгеге ас үй жиһазы, 6,2 млрд теңгеге матрас өндірілді.