Павлодарда Жаңа жылға қарай қандай көрме мен концертті тамашалауға болады?

Павлодарда Жаңа жылға қарай қандай көрме мен концертті тамашалауға болады?
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желтоқсанда тұрғындарды түрлі мерекелік іс-шаралар күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі желтоқсан айында болатын шаралар афишасын жария етті. 

Көрмелер 

Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Өнеріммен ұштасқан өмірім» атты мүсінші, қолданбалы шығармашылық шебері Баян Қайнышеваның жеке көрмесі жұмыс істейтін болады. Оны 1-30 желтоқсан аралығында көруге болады.

Н.Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет мұражайында Руслан Ибрагимов «Көшпенділер көрмесі» және Нұрихан Фаттахтың «Сықырлаған жебелер» тарихи романына иллюстрациялар қойылады. Ол 7-31 желтоқсан аралығында жұмыс істейді. Сондай-ақ, 12-31 желтоқсан аралығында мұражай қорынан Л.Леонтьев, О.Кужеленко, А.Жүсіпов суреттерінің көрмесі ашылады. 

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайында әнші, композитор Жүнісбек Шаймерденовтың 105 жылдығына орай «Жан шуағы» атты көрмесі ашылады. Көрмеге 7 желтоқсанда сағат 12:00-де баруға болады. Ал 13 желтоқсанда 12:00-де «Тәуелсіздіктің дара жолы» атты театрландырылған поэзиялық көрмесі қойылады. 

М.Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылық мұражайында «Желтоқсанның ызғары» көрмесі қойылады. Ол 12 желтоқсанда сағат 12:00 ашылмақ. 

С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәуелсіздік - халықтың басты жетістігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылмақ. Ол 14 желтоқсанға жоспарланған. 

Спектакльдер

Желтоқсанда Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры бірқатар қойылымдар ұсынылмақ. 

5 желтоқсанда 12:00-де «Отпен ойнама» ертегісі өтеді. 7 желтоқсанда кешкі 18:00-де «Есіңе мені алғайсың» музыкалық-поэтикалық кеші ұйымдастырылмақ. 14 желтоқсанда сағат 17:00-де  «Әбілмансұр, Сабалақ, Абылайхан» тарихи драмасы болады. 16 желтоқсанда 17:00-де «Ұждан» әфсанасы қойылады. Ал 22-30 желтоқсан аралығында балаларға арналған ертеңгіліктер өтеді. «Мысық үйі» музыкалық ертегі 10:00, 12:00, 14:00, 16:00 қойылады. 

А.Чехов атындағы драма театрында бірқатар қойылымдар ұсынылмақ.

2, 3 желтоқсанда кешкі сағат 18:00, ал 8, 15 желтоқсанда 19:00-де – «Любовь и голуби» комедиясы өтеді. «Будьте здоровы» комедиясын 9 желтоқсанда 18:00-де ұсынады. Ал 10 желтоқсанда 18:00-де  «Полоумный Журден» спектаклі өтеді. Тәуелсіздік күні «Чайка» спектаклі қойылса, 17 желтоқсанда «Дубровский» мюзиклі көрермендерге жол тартады. 22 желтоқсан-7 қаңтар аралығында тетрда премьералар қатарынан болады. Балаларға арналған ертеңгіліктер «Золотая антилопа» ертегісі сағат 10:00, 13:00, 16:00 көрсетілмек. 

Естай атындағы мәдениет сарайында да қойылымдар өтеді. 

8 желтоқсан күні 19:00-де «Вий» мистикалық хоррор болады. 9 желтоқсанда 19:00-де  «Щелкунчик» балеті өтсе, 10 желтоқсанда 16:00-де «Золушка» қойылымы өтеді.

Концерттер

Естай атындағы мәдениет сарайында бірнеше концерттер ұйымдастырылмақ.

2 желтоқсанда «Harry Potter» and wizards of Tynda Musik» атты концерт болады. Ол кешкі сағат 19:00-де басталады. Ал 3 желтоқсанда кешкі сағат 19:00-де RATOVICH оркестрмен бірге үлкен концерті жоспарланған. 6 желтоқсанда 19:00-де «Сүйемін» Мадияр Бахтияровтың жеке концерті өтеді. 12 желтоқсанда 11:00-де «Ертіс-Баян» әуендер хорының есеп беру концерті болады. Ал «Әл-Әки» халықтық-фольклорлық ансамбілінің мерейтойлық концерті 13 желтоқсан күні 15:00-де басталады. Бағжан Октябрь камералық хордың сүйемелдеуімен «Терапия души» концерті 14 желтоқсан күні 18:00 және 21:00 өтеді.  23 желтоқсанда кешкі сағат 19:00-де «TARSI» симфониялық оркестрінің концерті болмақ.

8 желтоқсанда 19:00-де Иса Байзақов атындағы облыстық филармониясында Р.Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің «The magical music of cinema & anime» атты концерті өтпек. Сондай-ақ, 29 желтоқсанда 18:30-да  «Ретро» вокалдық ансамблі, «Лад» орыс ұлт аспаптар ансамблі және «Шернияз» би ансамблінің «Бременские музыканты» атты мюзиклы қойылмақ.