Әбдіжаппар Әлқожа ақсулық аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Әбдіжаппар Әлқожа ақсулық аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
Фото: @abdizhappar_alkozha

Сәбит Дөнентаев атындағы қалалық мәдениет сарайында 8 наурыз күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Концерт барысында Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары табыс етті. Қаланың  әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосқан нәзік жандылар құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

–  Құрметті ханымдар, сіздерді 8 наурыз– Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер сұлулықтың, мейірімділіктің, махаббаттың символысыздар,– деді Ақсу қаласының әкімі.

Марапаттау рәсімінен кейін қалалық мәдениет сарайының сахнасында қаланың шығармашылық ұжымдары өнерлерін паш етті. Ал қазақстандық эстрада жұлдызы - Әбдіжаппар Әлқожа кештің сәніне айналды.