Павлодарда «Ertis Promenade» сахнасында бишілер шайқасы өтеді

Павлодарда «Ertis Promenade» сахнасында бишілер шайқасы  өтеді
Фото: Константин Шелков

Республикалық деңгейдегі би жарысы сенбіде болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық мәдениет бөлімінің мәліметінше, 5-ші тамызда Павлодарда алғаш рет бас сахнада республикалық ауқымдағы бишілердің нағыз шайқасы ұйымдастырылады. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген бишілер қатысады.

 – Жарыс келесі номинациялар бойынша өтеді: хип-хоп бастаушылар, хип-хоп мамандары, All styles - стильдер шайқасы және үздік би-шоу (командалық). Қатысу тегін, – деді қалалық мәдениет бөлімінде.

Іріктеу кезеңі сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді. Іріктеуден өткен бишілердің арасынан үздікті анықтау үшін «Ertis Promenade» сахнасында 19.00-ден 22.00-ге дейін бір-бірімен бәсекелесетін болады.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (775) 811-29-25 нөмірі арқылы хабарласуға немесе @dancefest.kz парағынан білуге болады.