Павлодарда кішкентай әртістер арасында тартысты дода өтті
«Бүлдіршін - 2024» шығармашылық іріктеу байқауының қалалық кезеңіне 40-қа жуық балабақша тәрбиеленушілері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім бөлімінің мәлімдеуінше, Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінде 4 - 6 жас аралығындағы 38 балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен хореография, вокал, көркем сөз, балалар оркестрі жанрлары бойынша қалалық «Бүлдіршін - 2024» шығармашылық іріктеу конкурсының II кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық және көркемдік тәрбиелеу, жас таланттарды, білім беру ұйымдарындағы көркемөнерпаздар қызметін қолдау.
– Кішкентай әртістер мен бишілер қонақтарды сахнадағы өнерлерімен тәнті етті. Олар керемет таланттары көпті тәнті етті, - деді музыка мектебі басшының орынбасары Нұрлан Қайшанов.
Байқау қорытындысы бойынша «Вокал» аталымында №33 балабақша тәрбиеленушілері «Қыздар, қыздар» әнімен бас жүлдені жеңіп алды. 1-орынды №10, 32, 38, 44 балабақша иеленсе, 2-орынды № 23, 31, 42, 43, 57, 72, 122 балабақша тәрбиеленушілері мен Жетекші ЖОМ-нің шағын орталығы иеленді.
- Осыншама қысқа уақыт ішінде біз осындай күрделі әнді жаттап үйрендік, қыздар өте жақсы жұмыс жасады, өте жоғары деңгейде болды деп ойлаймын. Бірінші турда бізге қандай ұсыныстар берілді, соны орындап, бүгін бас жүлдені иелендік, - дейді № 33 балабақшаның музыка жетекшісі Балжан Ахмадиева.
Ал «Хореография» аталымында №27 балабақшаның тәрбиеленушілері «Түрік барабандары» шоу нөмерімен бас жүлдені жеңіп алды. 1-орынды №51, 126 балабақша тәрбиеленушілері, II орынды № 10, 121 балабақша тәрбиеленушілері иеленді.
«Көркем сөз» аталымында № 23, 44 балабақша тәрбиеленушілері 1-орынды қанжығаласа, № 47, 126 балабақша тәрбиеленушілері 2-орын иеленді.
«Балалар оркестрі» аталымында 1-орынды №24 балабақша тәрбиеленушілері, 2-орынды №28, 122 балабақша тәрбиеленушілері өзара бөлісті.
Облыстық «Бүлдіршін» фестиваліне балабақшалардан үздік 25 нөмір іріктеліп алынды.