Әнші Inna Қазақстандағы жеке концерттерін жер сілкінісіне байланысты кейінге шегерді
Румыниялық әнші Inna Қазақстанның ірі қалаларындағы өтетін концерттерін наурыздың алғашқы күндерінен сәуірдің соңына ауыстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің өнер көрсетуі 8 және 9 наурызда Алматыда және Астанада өтеді деп жоспарланған болатын. Енді концерттер Алматыда 29 сәуірге және Астанада 30 сәуірге ауыстырылды.
«Өкінішке орай, жақында Алматыда болған жер сілкінісіне байланысты промоутерлер концерттерді кейінірек уақытқа ауыстыру қауіпсіз болады деп шешім қабылдады. Ертең бірге отыра көңіл көтере алмайтынымызға өкінемін, бірақ қауіпсіздік бірінші орында», – деп жазды әнші.
Inna халықаралық атаққа 2009 жылы өзінің алғашқы альбомы Hot альбомы әртүрлі елдердегі музыкалық хит-парадтарда бірінші орынға шыққан кезде қол жеткізді.