13 мамырда Павлодар облысында күн ыстық болады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыста түнде ауа температура +13...+ 18°C. Күндіз + 22...+ 27°C, облыстың солтүстігінде +17, облыстың оңтүстігінде +32 °C. Өңірдің батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Павлодарда сынап бағанасы түнде +14...+ 16°C, күндіз + 23...+ 25°C көрсетеді. Бұлтты, жауын-шашынсыз болады.