Баянауыл ауданының мәдениет үйлері күрделі жөңдеуден өтті
Ұлттық мерекемен қосарланған қуанышты күн болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Құндыкөл және Бірлік ауылында мәдениет үйлері күрделі жөндеуден соң салтанатты түрде ашылды.
Құндыкөлде ауылішілік 3,5 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп, 6,3 шақырым көше жарығы орнатылды. Әлкей Марғұлан атындағы мектепке күрделі жөндеу жасалып, оқушылардың сапалы білім алуына жол ашты.
Ал Бірлік ауылында 6 шақырым жол орташа жөндеуден өтті.
Айта кетейік, биылғы жылы аталмыш екі ауылда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елдің игілігіне жарар жұмыстар атқарылды.