14 шілдеде Павлодар облысында аптап ыстық сақталады

14 шілдеде Павлодар облысында аптап ыстық сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кейбір аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, облыста түнде ауа температурасы +17…+22 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыс желі секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады.

Күндіз өңірде ауа температурасы +30…+35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық сақталады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Павлодар қаласында түнде +17…+19 градус жылы болады. Ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді.

Күндіз облыс орталығында ауа температурасы +33…+35 градусқа дейін көтеріліп, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.