5 қаңтарда Павлодар облысында бұлтты болады

5 қаңтарда Павлодар облысында бұлтты болады
Фото: Консантин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, облыста түнде температура -8...-13, күндіз 0...-5°C көрсетеді. 

Облыстың солтүстік жартысында аздаған қар жауады.

Павлодарда сынап бағанасы түнде -9...-11, күндіз -1...-3°C көрсетеді. 

Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.