Павлодар облысында екі ауыл әкімі өз қызметін сақтап қалды
Павлодар және Ақсу қалаларына қарасты ауылдық округтерде әкім сайлауы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
12 шілде күні Кенжекөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Бес мыңнан астам сайлаушының жартысынан көбі дауыс беруге қатысты. Олардың 90 пайызы қазіргі әкім, 42 жастағы Медет Сансызбаевқа дауыс берді. Ол Кенжекөл ауылдық округі әкімдігінде 2017 жылдан бері қызмет атқарып келеді.
Сол күні Ақсу қаласына қарасты Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауы да өтті. Бұл лауазымға үш кандидат ұсынылды. Сайлаушылардың басым бөлігі қазіргі әкім, 36 жастағы Дәулет Әбілдиновке сенім білдіріп, қайта сайлады.