+25°С және қар аралас жаңбыр: Павлодар облысында осы аптада күтілетін ауа райы

+25°С және қар аралас жаңбыр: Павлодар облысында осы аптада күтілетін ауа райы
Фото: Константин Шелков

Сынап бағанасы үш күн қатарынан +20°С-ты көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 9  қазанда +16...+21°С-қа дейін күн жылы болады. 

10 қазанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +9...+14°С болса, күндіз ауа температурасы +20...+25°С-қа дейін көтеріледі.  

11 қазанда түнде жаңбыр жауып, +9...+14°С-ты көрсетеді. Сынап бағанасы күндіз +15...+20°С дейін көтеріліп, облыстың солтүстігінде  +12°С күтіледі. 

12 қазан күні облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы салқындап, 0...+5°С-қа дейін түседі. Күндіз сәл жылынып,  +5...+10°С-ты көрсетеді. 13 қазанда да дәл осындай ауа райы  күтіледі.

Сенбіде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде -1...+4°С-қа дейін салқындайды, ал күндіз +7...+12°С-ты көрсетеді. 

Жексенбіде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +1...+6°С болса, күндіз +8...+13°С-ты көрсетеді.