Павлодарда автобуста жолақысын төлемей өткісі келгендер қолға түсті

Павлодарда автобуста жолақысын төлемей өткісі келгендер қолға түсті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодарда автобуста жолақысын төлемей өткісі келгендер қолға түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Smart Avtobys PV» компаниясының мәліметінше, жолаушылардың билеттерін тексеру кезінде жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін уақытша бұғаттау жол ақысын төлеуден жалтарған тұрғындарды анықтауда оң нәтижесін беруде. 

Бүгін, 15 маусымда бақылаушылар 44 автобус маршрутын бақылау барысында билеті болмаған жолаушыны анықтаған. Полиция патрулі шақырылғаннан кейін жолаушыға қатысты әкімшілік материал толтырылған. 

Осыдан бір күн бұрын билетсіз өтіп кеткісі келген үш тұрғын анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған және жолаушыларға айыппұл салынды. 

– Бүгінгі жағдайға қатысты полицияны шақыру куәгерлердің бірінің тарапынан наразылық туғызды және жолаушыны қорғау үшін әлеуметтік желілерде бақылаушыны қорлайтын ашулы пікірлер таралды.  Жол ақысын төлеуден жалтарған азаматтарға бақылаушы айыппұл салмайды, бірақ құзыретті мемлекеттік орган жауапқа тартады. Сондықтан азаматтардан бақылаушылар мен кондукторларға жала жаппауды сұраймыз, – дейді компанияда.   

Компанияда осындай келеңсіз жайттарға тап болмау үшін қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін пайдалануға және жол ақысын «Avtobys» қосымшасы немесе көлік картасы арқылы төлеуге кеңес береді.