Аққулы ауданында дәстүрлерді дәріптейтін аналар клубы құрылды

Аққулы ауданында дәстүрлерді дәріптейтін аналар клубы құрылды

Оған 12 бастамашыл ана кірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қызылқоғам ауылында Ынтымақ күніне орай «Асыл ана» бірлестігі құрылды. Ауылдың көпбалалы аналары, тігінші, аспазшы, ұстаз, кітапханашылар бірігіп, өскелең ұрпаққа үлгі өнеге беретін болады. 12 мүшесінен құрылған клубтың мақсаты – сан ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан салт- дәстүрлерімізді дәріптеп, жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Аналар ұжымы өз жоспарын құрып үлгерді. Олар жастардың қатысуымен тегін мастер-класстар, түрлі іс-шараны өткізуді жоспарлап отыр. Топтың әр мүшесі ән айтады, би билейді, тігеді, сондай-ақ, керемет аспаздық қабілеттерге ие.

Ауылдың белсендісі Динара Кайдаулованың айтуынша, олар балаларға, жастарға білетіндерін бәрін үйретіп, бірегей қазақ мәдениетінің ұлттық ерекшеліктерінің әсемдігімен таныстырғысы келеді.