Павлодарлық оқушылар зергерлік бұйымдар жасады
«National Trend» шеберлік сабағына қала мектептерінің оқушылары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында «Жазғы POV-2024» жазғы кешенді бағдарламасы аясында «National Trend» шеберлік сабағы өткізілді.
Білім алушыларды көркем өнерге, белсенді шығармашылық қызметке баулу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға қаланың 15 жалпы орта білім беретін мектебінен 175 оқушы қатысты.
Шеберлік сағаты бес номинация бойынша өткізілді: «Макраме», киізбен жұмыс тоқыма бұйымдарын дайындау (кесте тігу, бисер, жамау пластикасы), атласты ленталардан раушан гүлдерін жасау, шыныдан және қалайы банкалардан ыдыс-аяқтарды безендіру, түймелерден жасалған панно (суреттер, жақтаулар).
– 42 оқушы «Ұлттық әшекей бұйымдар» тақырыбында шеберлік сағатына қатысты. Сырға, білезік және түйреуіш сияқты зергерлік бұйымдарды үйде жеке пайдалану үшін қалай жасауға болатынын үйренді. Сондай-ақ, «NationalTrend» жобасының кестесіне сәйкес «Түймелерден жасалған панно» шеберлік сағаты өтті, – деді қалалық білім беру бөлімінде.
Іс-шара қорытындысы бойынша 21 маусымда бірінші жазғы маусымның жабылуында қалалық саябақта белсенді қатысқан оқушылардың жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылатын болады. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.