«Бауырсақ party»: Ертіс ауданының еріктілері тұрғындарға ыстық бауырсақтар таратты

«Бауырсақ party»: Ертіс ауданының еріктілері тұрғындарға ыстық бауырсақтар таратты
Фото: Ертіс ауданының әкімдігі ұсынды

Акция аясында 50 килограммнан астам бауырсақ пісірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Наурыз мерекесін тойлауға арналған шаралар жоспары аясында Ертіс ауданының жастар бастамаларын дамытуорталығы «Бауырсак party» науқанын өткізді.

–  Шараның мақсаты – ұлттық дәстүрімізді, қонақжайлық пен мейірімділікті дәріптеу. Сондай-ақ, айналадағы адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, ыстық бауырсақ арқылы ыстық ықылас, жылы лебіздерді сыйлау,– деді аудан әкімдігінде.  


Жалпы 50 килограммнан астам түрлі бауырсақ пісіріліп, еріктілер оларды жалғызбасты зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға жеткізді. Сондай-ақ ауыл көшелеріндегі тұрғындарға да бауырсақтар таратылды.