Арзан ет: Сайлау күні Ақтоғай ауданында жәрмеңке өтті
Әлеуметтік жәрмеңке дауыс беру учаскесінің жанында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Оған Харьков және Ақтоғай ауылдық округтерінің кәсіпкерлері қатысты. Олар ет, бал, сүт өнімдері, тоқылған бұйымдар және басқа да өнімдер әкелді.
– Азық-түлік бағасы дүкендерге қарағанда шамамен 500-700 теңгеге арзан. Кәсіпкерлер мұндай жәрмеңкелерге қатысқан кезде өз тауарларын нарықтық бағадан төмен бағамен сататынын біледі, бірақ біздің округ тұрғындары үшін мұндай жәрмеңкелер әрқашан пайдалы болады, – деп атап өтті Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Қуаныш Пістебаев.
Бұған дейін павлодарлық студент Ақтоғайда өтіп жатқан сайлауға қатысу үшін жүз шақырымды жүріп келгені туралы хабарланған болатын.