Арзан көлік: Павлодарлық жігіт әріптестерін алдаған
Келтірілген шығын 26 млн теңгені құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Рolisia.kz ақпараттық-медиа порталының мәліметінше, ол өз әріптестеріне Kolesa.kz сайтында көрсетілген автокөлік жүргізушілерінен жарты бағаға автокөлік сатып алу мүмкіндігі туралы айтқан.
Оның сөзіне алданып қалған әріптестері қолма-қол ақша болмаған соң екінші деңгейдегі бірнеше банктен несие алып, алаяқтың қолына табыстаған. Алайда ешқандай көлік ала алмаған, сондықтан олар құқық қорғау органдарына жүгінген.
– Небәрі 10 айдың ішінде ер адам өз құрбандарына 26 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Бұл ақшаны өз қажеттіліктеріне қаражат жұмсаған алаяқ Семейдегі аралас қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен төрт жылға бас бостандығынан айырылды. 26 миллион теңге көлемінде талап арыз өндірілді, – деп жазылған хабарламада.
Жаңадан келген сотталған адамды мекеменің бөлімдері мен қызметтерінің мамандары тексереді. Ол жұмысқа орналасып, туыстарымен байланыста болғысы келеді.