Павлодарда сауда үйлерінің бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған
Аталған факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті тергеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, азамат қаланың айырбастау пункттерінде жалған купюраларды сатуға тырысқан, бірақ кассир банкноттарды айырбастаудан бас тартқан. Бұдан кейін ол 12600 АҚШ доллары көлемінде жалған ақша қаражатын валюта айырбастаумен айналысқан азаматқа сатқан.
– Сотқа дейінгі тергеу амалдарының нәтижесі бойынша сот Павлодар тұрғынын кінәлі деп танып, бес жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – деп жазылған хабарламада.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырады.