Екібастұзда кен орнында биіктен құлаған жұмысшы жарақат алды

Екібастұзда кен орнында биіктен құлаған жұмысшы жарақат алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, 2 тамыз күні «Богатырь Көмір» ЖШС аумағында 32 жастағы жабдықты тексеру және жөндеу жөніндегі электрослесарь биіктен құлады. 

– Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталатын болады, – деді департамент басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

Жұмысшы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.