Павлодар - Қызылорда автожолында екі адам зардап шекті

Павлодар - Қызылорда автожолында екі адам зардап шекті
Фото: Павлодар облыстық ПД

Жол апатына қатысты тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 мамыр күні сағат 12.30-да Павлодар - Қызылорда автожолының 118 шақырымында ВАЗ маркалы автокөлік тіркемесі бар Mercedes-Benz жүк көлігімен соқтығысқан.

–  Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі мен оның 42 жастағы жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, – деді департаментте. 

Автокөліктер мамандандырылған тұраққа қойылып, бірқатар сараптамалар тағайындалды.