«Аяз атаға хат»: Павлодарлық еріктілер Жаңа жылдық акциясын жариялады
Оған ерекше балалардың жазған тілектерін орындауға дайын азаматтар қосыла алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Vita» іздестіру ұйымы «Аяз атаға хат» науқанын жыл сайын өткізіп келеді.
– Биыл үйде қызмет көрсетілетін ерекше балалар мен мүгедектігі бар жандар мен облыстық психоневрологиялық диспансердегі балалардың хаттарын оқып, орындауға тырысамыз, – деді еріктілер.
Балалардың армандарын орындаймын деушілер еріктілердің инстаграм парақшасында жарияланған хатты таңдай алады. Тұрғындар қай хатты таңдағаны туралы хабарламаны WhatsApp мессенджері арқылы 8 (747) 615-55-63 жазып жіберуі керек. Хаттағы жазылған сыйлықтарды алу мерзімі – 24 желтоқсанға дейін.
– Әрбір адам, қандай болса да бақытты болуы керек. Балаларға қуаныш сыйлауға атсалысайық, – деді еріктілер.
Еріктілер бүкіл есепті өздерінің инстаграм парақшасында жариялайды.