Павлодар облысының жастарын ТЖМ әскери қызметке шақыруда
Тілек білдірушілер Отан алдындағы борышты Бауыржан Момышұлы атындағы полкта өткереді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс аумағында 28237 азаматтық қорғаныс әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметті өткеру үшін әскери шақырулардың көктемгі мерзімді компаниясы өткізілуде.
Осы көктемде облыстан Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы әскери бөліміне мерзімді қызмет өткеру үшін 20 адам шақырылады.
– Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша міндеттерді орындайды. Жауынгер-құтқарушыларды оқыту үшін бөлімдерде заманауи материалдық базамен жабдықталған оқу корпустары құрылған, – дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖМ әскерлерінде қызмет еткен сарбаздар мен сержанттарға азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі. Бұдан басқа, ҰБТ-ны есепке алмай, әңгімелесу нәтижелері бойынша жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу мүмкіндігі көзделеді.
– Әскери қызмет әрбір жас жігіттің міндеті болып табылады, ал оны өтуден жалтару қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейді, – деп ескертеді министрлікте.
ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінде шұғыл қызмет өткергісі келетіндер Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 14 мекенжайы бойынша немесе 53-63-98 телефонына хабарласа алады.