Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты

Павлодарда көпқабатты үйден өрт шықты

Тілсіз жау орын алған үйден 7 адам эвакуациялады. Оның екеуі бала, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт 10 мамыр күні облыс орталығындағы Малайсары батыр көшесі 6-үйде болған.

- 101 пультіне сағат 16:42-де  аталған мекен-жайдағы пәтердің бірінен түтін шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде 7-қабатта, 2-бөлмелі пәтердің балконы жанып жатқаны анықталды. Жалын жалпы аумағы 6 шаршы метр жерді шарпыған, - делінген хабарламада.

Жалынды ауыздықтауға Павлодар облысы ТЖД құтқару қызметінің және жедел жәрдем қызметінен 7 бірлік техникасы мен 26 қызметкері, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының 1 техникасы мен 4 қызметкері тартылды. 

Құтқарушылар өрт шыққан үйден 7 адамды эвакуациялады. Оның 2-еуі бала. 

Өрт 17:01-де оқшауланып, 17:10-да жойылды. 

Оқыс жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Себебі мен салдары анықталуда.