Екібастұзда өрт сөндірушілер автокөлікті оттан құтқарды

Оқиға екі қабатты гаражда болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 ақпан күні сағат 15:25-те Северная көшесінде орналасқан жеке үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
– Оқиға орнына үш бірлік техника мен жеке құрамның 11 қызметкері, сондай-ақ 102, 103 қызметтерінің мамандары және қалалық желі тартылды. Өрт ошағы екі қабатты тұрғын үйге бекітілген екі қабатты гаражда болған. Шамамен 50 шаршы метр аумақта ағаш төбе жабындысының құрылымдары жанған. ТЖ департаментінің қызметкерлері жеңіл автокөлікті эвакуациялады, – делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, өрт сағат 16:00-де толығымен сөндірілді. Оқиғаның себептері анықталуда.
Фотосуретті Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті ұсынды