Павлодарда қолын ойыншықтан ала алмаған балаға құтқарушылар келді
Шақыртуға бес маман барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төрт жасар баланың саусағы пластикалық ойыншыққа қыстырылып қалған. Ата-анасы ұлының қолын шығара алмаған соң жедел құтқару жасағының мамандарынан көмек сұраған.
Олар саусақты босату үшін ойыншықтың жиегін мұқият бөліп, қолын алып шықты.
Балаға медициналық көмек қажет болмады.