Павлодарлықтар туған жері жайлы жырлап, бағалы сыйлық ұта алады

Павлодарлықтар туған жері жайлы жырлап, бағалы сыйлық ұта алады
Фото: Константин Шелков

Әрбір қатысушы байқауға тек бір жұмысын ұсынуы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«New vision team» қоғамдық қорының мәліметінше, өңірдің туристік әлеуеті мен өлкетанудың бірегейлігі туралы жастар арасында «Туған жер» облыстық жазбаша өлең жұмыстарының байқауы жарияланады. Бұл туристік-өлкетану қозғалысын дамыту және Павлодар облысының тарихи-мәдени және киелі орындарын зерттеуді насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.

  – Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар өңірдің туристік әлеуеті мен өлкетану ерекшелігі туралы өлең түрінде шығармаларын жібере алады,– делінген хабарламада.

Өлеңдер қазақ немесе орыс тілдерінде жазылуы тиіс. Көлемі 8-ден 32-ге дейін ұйқасы келтірілген өлең жолдары болу керек. Байқауға өтінімдер 12-26 қыркүйек аралығында қабылданады. 1, 2, 3-орын алған жеңімпаздарға диплом беріліп, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жұмыстар nvt_kz@mail.ru пошчтасында қабылданады. Қосымша ақпаратты 8 (747) 818-41-87 нөмірі арқылы білуге болады.