Павлодарда мұздың үстінде қатып қалған ит еріктілермен құтқарылды (ВИДЕО)

Павлодарда мұздың үстінде қатып қалған ит еріктілермен құтқарылды (ВИДЕО)
Фото:pixabay.com

Екі тәулік бойы жануар еш қозғалыссыз мұздың үстінде жатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Сердца Павлодара» қоғамдық қорына желі қолданушыларының бірі  Кенжекөлде екі күн бойы мұзға қатып қалған итке көмек қажет екенін жазған. Алабайды біреу қағып, оны сол орында қалдырып кеткені белгілі болды. Еріктілер бірден Кенжекөлге шығып, жануарды мұздан шығарды. 

Мейірімді жандар итті жылы жерге апарып, су мен тамағын берді. Жануарға көмек қолын созам деушілер «Сердца Павлодара» қоғамдық қорына жазып, дәрі-дәрмек бере алады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОФ "Сердца Павлодара" (@serdca_pavlodara_shelter)