Баянауыл ұлттық паркінде өрт шықты

Найзағай түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Баянауыл ұлттық табиғи паркінің басшысы Аждар Жүсіповтің айтуынша, орманшылар таулы жерлерде өртті байқаған.
– Найзағай түсіп, өрт шықты. Біздің орманшылар түтінді уақытында көріп, оқшаулап үлгерді. Осылайша орманды ірі өрттен құтқарды, – деді Аждар Жүсіпов.
Оның айтуынша, тілсіз жау Торайғыр ауылы жанындағы №12 кварталда болған.