Павлодарда жылу трассасының қаптамасы өртенді

Павлодарда жылу трассасының қаптамасы өртенді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әзірге қанша аумақтың жанып кеткені белгісіз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 мамырда сағат 15:35-те Н.Назарбаев даңғылындағы көпірдің артында жылу трассасы жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. 

– Өрт құрғақ шөпті және жылу құбырының жылу оқшаулағыш қаптамасын қамтыды. Қанша аумақ жанғаны анықталуда, – деді департаментте. 

Қазіргі уақытта оқиға орнынла өрт сөндіру қызметінен екі қызметкер және өрт сөндіру қызметінің бір арнайы машинасы   жұмыс істеуде.