Дүйсенбі Павлодар облысында жауын-шашынсыз болады
![Дүйсенбі Павлодар облысында жауын-шашынсыз болады](https://pavlodarnews.kz/uploads/images/202304/image_750x_64299ddbc5568.jpg)
Қазгидромет 3 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
- Ел аумағының көп бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, - деді Қазгидрометте.
Облыста ауа температурасы күндіз +10 +12 °C, түнде -5 -7 °C болмақ.
Желдің жылдамдығы 7-12 м/с құрайды.
Фото: Константин Шелков