«Robotek Grand Tournament»: ел чемпионатында Павлодар намысын кімдердің қорғайтыны белгілі болды
Республикалық чемпионаттың облыстық кезеңіне өңірден 41 команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Дода «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен іске асты.
Жарыстың мақсаты - роботтарды құрастыру, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа да инновациялық білім беру технологиялардағы дарынды оқушыларды анықтау мен қолдау, спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету, балалардың инновациялар мен жоғары технологиялар саласына қызығушылығын ынталандыруды міндет етеді.
Чемпионат негізгі 7 санаты бойынша өткізілді. Яғни 2013-2017 жылы туғандар өзара роботек, инверстік сызық бойымен жарыс және жеткізуші робот санатында бақ сынады. 2009-2012 жылы туған оқушылар мерген, туды жеткізу және сұрыптаушы робот санатында мықтыны анықтады. Ал 2009-2017 жылғы оқушылар робоБаскетбол бойынша жарысты.
Жалпы жарысқа 41 команда құрамында 79 оқушы қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша 28 команда құрамында 55 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, облыстық білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды:
Өз санаттарында І орын алған қатысушылар 2026 жылғы 5-6 мамырда Астана қаласында өтетін халықаралық «Robotek Grand Tournament» чемпионатына Павлодар облысының намысын қорғайтын болады.