Павлодарда демалыс күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Өнімдерді үш ауданның тауар өндірушілері әкеледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 маусым күні өтетін дәстүрлі сенбілік саудаға Железин, Павлодар, Шарбақты аудандарының диқандары мен павлодарлық кәсіпкерлер қатысады.
Шикі сүтті жеткізу «Луганск» фермерлік базарының ішінде және «Кедр» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің көше қатарларында қамтамасыз етіледі.
Мекенжайы: Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы).