14 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауады

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы +22...+27 °C болады. Жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде дауыл соғады деп күтілуде.
Павлодарда күндіз сынап бағанасы +25...+27 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.