Павлодарлық оқушылар оқу жылын жаңартылған мектепте қарсы алады

Павлодарлық оқушылар оқу жылын жаңартылған мектепте қарсы алады
Фото: Константин Шелков

Жұмысшылар тәулік бойы жұмыс істеуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков қалалық оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындығын тексереді. 14 тамызда қала басшысы №21 және 35 мектептерде болды.

– Биылғы жылы қаланың 17 мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жиырма мектептің ауласына асфальт төселді, – деді Хасар Хабылбеков өзінің Instagram прақшасында.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралиннің айтуынша, №21 ЖОББМ-де 202 жаңа терезе орнатылған, тағы жеткізілетін 36 терезе бар. Қазіргі таңда, мердігер шатырды жөндеуді аяқтауда. № 35 ЖОББМ-де жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Хасар Хабылбеков мектептердегі барлық жөндеу жұмыстарын 25 тамызға дейін аяқтауды тапсырды.