«Дана мұрасы»: Баянауылда слёт өтті

«Дана мұрасы»: Баянауылда слёт өтті

Оған қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаздары, аймақтың білім беру ұйымдарынан 125-тен астам білім алушы қатысты, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Дана мұрасы» экспедициялық жасақтарының облыстық слёті өтті. Шараның ашылуына Қаныш Сәтбаевтың тікелей ұрпақтары Рышат Бабайұлы Әміренов және немересі Қарашаш Жаминова қатысты. 

–  Слётке қатысушылар Баянауылдағы Қаныш Имантайұлының мұражайына барып, өмірі мен  еңбектерімен танысты. Бірінші күнгі іс-шара екі бөлімді қамтыды. Өлкетану бөлімінде қатысушылар туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу бойынша ғылыми жобаларын қорғады. Жұмысты бағалау кезінде жобаның практикалық маңыздылығы мен жеке қатысуына назар аударылды. Шығармашылық кезеңде қатысушылар гитара мен домбыраның сүйемелдеуімен танымал бардтар ұсынды. Байқау соңында ашық микрофон жарияланды, барлық тілек білдірушілер өздерінің сүйікті әндерін орындады. Слёттің алғашқы күні қызықты би кешіне ұласты, – дейді  балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы басшысының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Зауре Сарбасова.  

Айта кетсек, жас зерттеушілер  Павлодар-Ертіс өңірінің тарихи-мәдени мұрасы бойынша білімдерін, археология және геология бойынша тәжірибелік жұмыс білік-дағдыларын, туристік әндер байқауы, фотоконкурс, бейнеподкасттан тұратын шығармашылық блогына қатысу арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсетеді. 

Сонымен қатар слётке қатысушылар үшін археология, далалық геология бойынша шеберлік сағаттары өтеді, Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағы бойынша «Аңыздар жолдарымен» атты саяхаттар жоспарланған.