Екібастұзда оқушылар төбелесті

Оларды өтіп бара жатқан ер адам арашалап алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұздағы Instagram парақшалардың бірінде мектеп оқушыларының төбелесінің видеосы жарияланды. Жанжалға жоғары сыныптың жеті оқушысы қатысқан.
Бейнежазбада жасөспірімдердің төбелесіп, біраз уақыттан кейін жанжалдың қатты қақтығысқа ұласқанын көруге болады. Көлікпен келе жатқан ер адам тоқтап, балаларды арашалай бастаған.
Павлодар облысының полиция департаменті олардың үстінен ешкім арызданбағанын хабарлады.