Екібастұзда әжелер этнографиялық шеберлік сағатын өткізді

Екібастұзда әжелер этнографиялық шеберлік сағатын өткізді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шеберлік сағатына 30 бала қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің әдістемелік бөлімі «Ұрпақ болашағы» қалалық жобасы аясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығымен бірлесіп, «Әжесі мен немересі» этнографиялық шеберлік сағатын ұйымдастырды.

– Аға буын өкілдері ұлттық қолөнер құпияларымен бөлісті. Өз ісінің шеберлері «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінің ардагерлері қыз балаларға тюрбандар мен қағаздан жасалған гүлдер жасауды, ұлттық кеудешелер тігуді, жасауға, тәттілер дайындауды үйретті, – деді Екібастұз қалалық білім беру бөлімінде.  

Тәттілерді дайындау барысында екі ұрпақтың өкілдері халық әндерін, сондай-ақ әр кезеңде аналардың айтқан бесік жырларын орындады.

Үздіксіз байланыс, әр қатысушыға жеке көзқарас қатысушылардың қарым-қатынасында ашықтық, ізгі ниет және ынтымақтастық атмосферасын құруға ықпал етті.

Жобаның финалистері – әжелер мен немерелері дипломдармен, «Үздік әже-2024 жыл» кубоктарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Шеберлік сыныптың барлық қатысушылары сертификаттар мен сыйлықтар алды.