Павлодарда жазасын өтеуші Жеңіс күніне орай патриоттық бастама көтерді

Павлодарда жазасын өтеуші Жеңіс күніне орай патриоттық бастама көтерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол батырларымызға тағзым ретінде қолөнер туындыларын арнады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Жеңіс күні қарсаңында №45 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азамат тарихи жадымызға деген құрметін ерекше түрде білдірді. Ол қазақ халқының даңқты батырлары – Бауыржан Момышұлы мен Әлия Молдағұлованың портреттерін салып шықты. Туындылар ерекше ұқыптылықпен және ішкі ықыласпен орындалған. Сотталған бұл әрекеті арқылы ұлы тұлғалардың ерлігі мен батырлығына деген алғысын және тағзымын білдірді, – деді облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Мекеме әкімшілігінің айтуынша, мұндай бастамалар сотталғандардың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, ел тарихына деген құрметті арттырады. Сонымен қатар, бұл – қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге және рухани тәрбиені нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Аталған жұмыстар мерекелік шара аясында мекеме қабырғасында көрмеге қойылып, қызметкерлер мен өзге де жазасын өтеушілерге ұсынылды.