Павлодарда мас күйінде дүкенді тонаған зейнеткер сотталды
Ер адам бұрын басқа қылмыстар үшін түрмеде отырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы №2 сотында ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Тонау) бойынша 65 жастағы тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес бұған дейін ер адам басқа қылмыстық істері үшін сотталған болатын. Зейнеткерде қылмыстардың қауіпті рецидиві бар.
Былтырғы жылдың қазан айында зейнеткер 300 миллилитр шарап пен арақ ішіп, Мүткенов көшесі бойымен серуендеген. Жолда бір дүкенді кезіктіріп, екі сынған шыны бөтелкені алып, оны тонамақ болған. Сатушыны қорқытып, дүкен сөрелерінен 18 мың теңгені ұрлап, оқиға орнынан қашып кетті. Екі сағаттан кейін тәртіп сақшылары құқықбұзушыны ұстап алды.
Сотта зейнеткер өз кінәсін мойындады. Үкімге сәйкес ер адам ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі болып танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оған жазаны өтеу ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде тағайындады.