HALYQ DAUYSY фестивалінің соңғы бестігі: Жас ана, көркемсөз оқу шебері
Халық радиосының 85 жылдығы аясында ұйымдастырылған HALYQ DAUYSY халықаралық музыкалық фестивалінің соңғы күнделігі жарияланды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Диана Әубәкірова Омбы қаласынан келіп отыр. Ол бала кезінде «Есейгенде кім боласың?» деген сұраққа еш ойланбастан «Әнші боламын» деп жауап берген. Алайда уақыт өте келе айналадағы адамдардың түрлі пікірлеріне байланысты бұл арманынан бас тартқан. Тек екінші сәбиін дүниеге әкелгеннен кейін ғана өз өмірін әнмен байланыстырғысы келетінін түсінген. Бұл – оның өміріндегі алғашқы конкурс.
10 жасар Мунира Жақыпова № 22 Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің 4 «г» гимназия сыныбында білім алады. Бастауыш сыныпты үздік бітірген. Түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Мектеп қабырғасында өтетін түрлі шараларға да белсенді қатысады. Балабақшаға барып жүрген кезінен бастап ән салады.
Железин ауданы Железин ауылының тұрғыны Анель Айтуарова 5- сыныпта оқиды. Облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі көптеген байқауларға, іс-шараларға қатысып, грамоталармен және Алғыс хаттармен марапатталған. Мәтіндердің мазмұны мен әндердің мелодиясын жылдам есте сақтау қабілетімен ерекшеленеді. Бұған қоса, музыканың бастапқы теориясымен жақсы таныс, вокал өнерін жақсы меңгерген.
Оразбек Бахатхан 1994 жылы 15 шілдеде қарапайым отбасында дүниеге келген. Бала күнінде әншілік өнерге аса қатты мән бере қоймаған. 8-сыныптан, яғни 15 жасынан бастап әнге әуестігі пайда болды. Осы кезеңнен бастап қалалық, облыстық, республикалық көркемсөз оқулары мен ән байқауларының жеңімпазы атанып жүр. 2019 жылы «Ертіс дарыны-2019» Павлодар облысының дарынды жастар премиясының мәдениет саласы бойынша жеңімпазы атанған. 2020 жылы ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің тіл саясаты комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Павлодар қаласы Естай атындағы мәдениет сарайының ұйымдастыруымен өткен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналаған ән байқауының бас жүлдегері. Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен және басқа да грамоталармен марапатталған.
12 жасар Әмина Тоқмағамбет вокалмен төрт жасынан бастап айналысады. Көптеген үлкен сахналарда өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған. Жас өреннің арманы – әлемдік деңгейдегі әнші болып, адамдарды өзінің дауысымен тәнті ету.
Еске салайық, HALYQ DAUYSY халықаралық фестивалінің қорытынды гала-концерті осы жұма, 26 мамыр күні сағат 19:00-де Ertis Promenade сахнасында өтеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шараның бас серіктесі - «KAZ MINERALS» тобы