Екібастұзда шыбын-шіркейді улауға жаңа препарат қолданылады
Өңдеу үшін техника саны ұлғайтылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ғылыми сүйемелдеу тобы дернәсілдердің қандай сатысында дамып жатқанын фенологиялық бақылауды жалғастыруда. Биыл жаңбыр мен еріген қардың салдарынан су айдындарында жұмыс көлемі ұлғайды.
– Мердігер техника санын көбейтіп, жаңа препаратты қолдануда. Мердігер ұйымға шыбын-шіркейдің ұшу кезінде соғұрлым көп аймақты өңдеу үшін адамдар санын көбейтуді тапсырдым, – деп жазды қала әкімі Аян Бейсекин өзінің Instagram парақшасында.
Сәуір айында тұрғын үйлердің жертөлелері өңделе басталды. Сондай-ақ, кварталішілік аумақтарда, саябақтар мен жеке тұрғын үй секторында тосқауылдық өңдеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.