Жетімдіктің күйін кешкен: Павлодарлық тұрғын әкімдікті сотқа берді

Бұл іс Жоғарғы Сотқа дейін жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Іс материалдарына сәйкес бала қорғаншылық және қамқоршылық органдарына ауыстырылып, 2008-2011 жылдар аралығында №1, 2 мектеп-интернаттарында және балалар ауылында болған. Алайда, аталған мекеменің ешқайсысы оны «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркеуге тиісті құжаттарды ұсынбаған. Бала есейген кезде өз арызы бойынша 2015 жылдың 3 наурызында кезекке тұрғызылған.
– Тұрғын 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үйге тіркелу құқығын тану туралы балалар ауылына, тұрғын үй қатынастары бөліміне және Павлодар қаласының әкіміне талап қоюмен жүгінген, – деп хабарлады ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметінде.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюды қанағаттандырған.
Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы істі зерттей келе, жергілікті соттардың әкімшілік органдардың кесірінен талап қоюшының әлі күнге дейін тұрғын үй алмағандығы туралы уәждерімен келісті. Балалар ауылындағы басқа балалар мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанамен қамтамасыз етілген, ал бұл жағдай оған кері әсер еткен.
Тиісінше, талап қоюшының жетім балаларға арналған арнайы қорғаншылық және қамқоршылық органдарына орналастырылған кезден бастап, оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адам ретінде есепке тұру құқығын тануға мүдделілігі заңды және материалдық сипатта болады.