Павлодар облысында улы газ анықтайтын датчиктер тегін орнатылуда

Павлодар облысында улы газ анықтайтын датчиктер тегін орнатылуда
Константин Шелковтың фотосы

23 қарашаға дейін елімізде «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденовтің айтуынша, пеш пен жылыту жабдықтарын пайдалану кезінде келесі талаптарды міндетті түрде орындауды сұрайды. Бірінші кезекте, пешті жылыту маусымының алдында тексеріп, жөндеп, ақауларын жою қажет, екінші кезеңде мұржалар үш айда бір рет міндетті түрде күйеден тазалануы қажет, ал соңғы үшінші кезеңде үйде улы газды анықтайтын датчиктер орнатуы тиіс.

Айта кетейік, облыста жыл басынан бері 629 улы газды анықтайтын датчик орнатылған. Бұл жұмыстар жергілікті әкімдіктердің, демеушілердің және еріктілердің көмегімен жүзеге асырылуда.

Бұдан бөлек, мұқтаж отбасыларға мұржаларды тазалау, күлге арналған қаңылтыр орнату, жөндеу жұмыстарын жүргізу түрінде де көмек көрсетілуде.