Павлодарлықтар журналистика саласында өзін сынай алады

Павлодарлықтар журналистика саласында өзін сынай алады
Фото: pixabay.com

Оқушылар мен студенттерге арналған тегін курстар ашылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі

«Луч» шығармашылық бірлестігі кәсіби тележурналист немесе телевидение қызметкерінің біліктілігін тегін меңгеруге мүмкіндік береді.

Мектеп оқушылары мен 17 жасқа дейінгі студенттер үшін фото және видео түсіру, монтаждау, журналистика және медиа саласындағы басқа он мамандық бойынша курстар ашылмақ

Студенттер өздерін тележурналист, жаңалықтар жүргізушісі, оператор, редактор және режиссер рөлінде сынай алады.

– Бізде оқу мен жұмыс істеу үшін бәрі бар: кәсіби жабдықтар, камералар мен дрондар. 20 жылдық тәжірибеміз бар, түлектеріміздің барлығы телевидение мен кино саласында жұмыс атқаруда. Біз өзіміз бейнероликтер, бағдарламалар мен фильмдер түсіреміз. Бірақ ең бастысы – бізде тату ұжым, – дейді бірлестікте.

Қосымша ақпарат алу үшін WhatsApp нөміріне хабарласыңыз: +7 747 2 9393 54.