Көшпенділер әлемі: Павлодарда төрт қала музыканттары бір сахнада басын қосады

Көшпенділер әлемі: Павлодарда төрт қала музыканттары бір сахнада басын қосады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ерекше концертте Алтай Республикасының шығармашыл өкілдері өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

15 мамырда сағат 19:00-де Иса Байзақов атындағы облыстық филармониясының концерттік залында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Талғат Кәрімовтің жетекшілігіндегі Р. Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің «Turan Alemi» атты концерті өтеді.

– Бір сахнада Алматы, Астана, Қарағанды қалалары және Алтай Республикасынан келетін танымал музыканттар өнер көрсетеді,– деді облыстық филармонияда. – Көшпенділер музыкасының сиқырлы әлемін тамашалаудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

Билеттер Ticketon.kz сайтында немесе Иса Байзақов атындағы облыстық филармониясының кассасынан сатып алуға болады.