Беларусь азаматы Тереңкөл ауданының полицейлері туралы TikTok түсірді

Беларусь азаматы Тереңкөл ауданының полицейлері туралы TikTok түсірді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жергілікті тәртіп сақшылары шетелдікке жолда көмек қолын созды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тереңкөл ауданының полицейлері Омбы – Майқапшағай тас жолында патрульдеп жүргенде жол бойында тоқтап тұрған «Мерседес» маркалы жүк көлігін байқады. Көліктің жүргізуші Беларусь азаматы Владимир Ермолич Қытайдан Мәскеуге бет алған бойда, жолда доңғалағы жарылып, бір сағаттай көмек күткені анықталды. Тәртіп сақшылары полиция капитаны Сабыржан Садықов пен полиция аға лейтенанты Бердібек Жақсылықов көлікті жөндеуге көмек етті.

Шет елдің азаматы алғыс ретінде орын алған жағдай туралы бейне түсіріп, өзінің TikTok-ғы парақшасында жариялады.

Жолда кез келген жағдай болады, бірақ біз туралы бейне түсіретінін күтпеп едік. Шынымды айтсам, бұл бізге қатты ұнады, –  дейді патрульдік полиция тобының инспекторы Бердібек Жақсылықов.

Айта кетейік, аталмыш бейне TikTok-та 84 мыңнан астам қаралым жинады.