Майқайың кенішіне шетелдік мамандарды тарту талап етілмейді

Майқайың кенішіне шетелдік мамандарды тарту талап етілмейді
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

Жазатайым оқиғаның себептерін тергеу жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, авариялық-құтқару жұмыстары күндізгі уақытта демалыссыз жалғасып жатыр. Барлығы 147 адам, 45 техника, 3 кинологиялық есеп және 2 дрон жұмылдырылды. Шетелдік мамандарды тарту талап етілмейді.

Мерзімімен топырақ геосканерлеуден өткізіліп жатыр. Тау жыныстарының құлау қаупі және шұңқырдың астында пайда болған бос орындардың әсерінен құтқару жұмыстары қиын жағдайда жүргізілуде.

Жұмыс істейтін құтқарушыларды жылыту үшін құлау түбінде шатыр мен калорифер орнатылды, экскаватор мен басқа да қатысушылардың шұңқыр түбіндегі жұмыстарының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Министрліктің психологтар тобы зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсетуде. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаза тапқандардың отбасыларына жерлеуге төлемдер жүргізді. Жұмыс беруші қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына 10 жылдық жалақы төлеу, кредиттік қарыздарды өтеу және кәмелетке толмаған балаларға қамқоршылық жасау бойынша міндеттемелер алуды жоспарлап отыр, сондай-ақ облыс әкімдігімен бірлесіп, Торайғыров атындағы Павлодар университетінде қаза тапқандардың балаларын оқытуға гранттар беру мәселесі пысықталуда, – дейді министрлікте. 

Жазатайым оқиғаның себептерін тергеу жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтауда. Кеніштің жұмыс және жобалық құжаттамасы, сараптама ұйымдарының алдын ала қорытындылары зерделеніп, кәсіпорынның куәгерлері мен лауазымды тұлғаларына сауалнама жүргізілді. «Майкаинзолото» АҚ қызметі тоқтатылды.

Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша жауапты лауазымды тұлғалар тобы айқындалатын болады. Кінәлі тұлғаларды анықтау үшін тергеу материалдары тергеу әрекеттерін жүргізу үшін құқық қорғау органдарына берілетін болады. Кінә дәрежесін және олардың жауапкершілік шарасын сот органдары айқындайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында «Майкаинзолото» АҚ кенішіне шақыруға бара жатқан үш құтқарушы және автобус жүргізушісі жер астына құлап кеткен болатын. 

Сол күні министрліктің құтқару бөлімшелері екі қаза тапқан адамның денесін тауып көтерді. Қалған екі адамды іздеу жалғасуда. 

Ағымдағы жылғы 4-22 қаңтар аралығында құлаған жерге айналма жол жүргізілді, жарылыс жұмыстары жүргізілді, өткелді кеңейту және тереңдету кезінде екі жүз мың тоннаға жуық топырақ пен тау жыныстары әкетілді, таңбаларды орнату үшін маркшейдердің түсуі мен көтерілуі жүзеге асырылды, – деп мәлімдеді министрлікте. 

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында экскаватордың көмегімен автобус корпусының бір бөлігі, жоғалған адамдардың құтқару жабдықтары мен жеке заттары табылған болатын.