Тереңкөлде жаяу жүргіншіні қағып кетті

Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 ақпанда Тереңкөл ауылында Мазда-626 автомашинасы оң жақтағы жүріс бөлігінің шетінде ілеспе бағытта келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Полиция аталған жол апаты бойынша тергеу жүргізуде.